Кітапханамызға катонқарағайлық жерлесіміз, ұзақ жылдар қауіпсіздік комитеті саласында қызмет еткен, полковник, жастайынан ана тілінің мәйегін қанып ішкен, бірнеше кітаптың авторы Ербол Баянғазыұлы «Өр Алтай арландары» атты кітабын сыйға тартты.
Автордың бұл кітабына Үлкен Нарын мен Катонқарағайдан шыққан, дүбірлі додаларда атой салған спорттың әр саласын бағындырған саңлақтардың жетістіктері арқау болған.
Ербол Баянғазыұлының өзі де күрестен спорт шебері болғандықтан, белдесудің сан қилы тәсілдерін жетік меңгерген жерлестері жайлы тамсана әңгімелейді. Тек күрес емес, бокс, жеңіл атлетика, ұлттық спорт түрлерінің һас шеберлері жайлы кітаптан кең мағлұмат алуға болады.
Қазақ елінің дүбірлі дүниеде атағын кеңінен таратқан спорт майталмандарының өмір жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге болары сөзсіз.
Назарларыңызға ұсынылып отырған кітапттың баспа нұсқасын кітапханамыздан, ал толықмәтінді электронды нұсқасын Өлкетану электронды кітапханасынан оқи аласыздар http://irbis.pushkinlibrary.kz:8087/jirbis2/components/com_irbis/pdf_view/?648163