kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka


Аудан орталығы Катонқарағай ауылынан шығысқа бет түзеп, Алтай тауларының қойнауына сапарласаңыз, ең бipiншi аядай ғана Қабырға ауылы кездеседі. Ауылға кіреберістe республикалық жолдың бойына қойылған арка болмаса, сол жақ қапталда қалатын шағын ауыл байқалмай қалуы да мүмкін. Ауыл тұрғындары алыс-жақында жүрген жерлестерімен бірлесе отырып қомақты қаржы жинап, 2021 жылы осы арканы орнатып, ауыл жанындағы зираттарды қоршап, ата-бабалapына құран бағыштап, ат бәйгесін, волейболдан жарыс өткізген болатын.

Қаратайдың абыз да аңыз болған ақсақалы, Социалистік Еңбек Epi Қабырға ауылыБошай Kітапбаев атамыз Қабырға ауылының төріне сонау 1985 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 40 жылдығына орай майдан даласынан оралмай қалған боздақтарға арнап Алтайдың көк тасынан ескерткіш орнатқан. Бұл ескерткіш те көп дүниеден сыр шертеді. Қабырға ауылы – шағын болса да, береке-бірлігі таймаған, ынтымағы жарасқан ұйымшыл ауыл. Мұнда Керейден тараған Шимойын руының өкілдері көп қоныстанғандықтан, Шимойын ауылы деп те аталып жатады. Ауылдағы шағын жинақты орталау мектепте, Катонқарағай ұлттық паркінде және аудан орталығына қатынап қызмет істейтіндерден басқа ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысып, өз күндерін өздері көруде. Ауданымыздағы басқа ауылдардағыдай Қабырға ауылынан да біршама тұрғындар қалаға көшіп, жастар жағы азайған. Көшіп кетті дегені болмаса, сыртта жүргендердің ауылға деген сағыныштары мен сезімдері ерекше. Жаз айларында ауылға келіп аунап-қунап жатады.

 Бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдағы балалық шағымызды әңгімелеген кезде ертегі тыңдағандай болады. Ол кезде шалғай ауылдардың балалары аудан орталығына, қалаларға баруы некен-саяқ, кейбіреyi есейіп ержеткен кезде ғана ауылдан ұзап шығатын. Бүгінгідей саулап жатқан автокөліктер жоқ. Өрел ауылынан күніне бip рет қана аудан орталығына автобус қатынайтын. Бастауыш сыныптарда оқып жүрген кезімде неше күн тісім қақсап, әкем аудан орталығындағы тic дәрігеріне әкелгені есімде. Жолай бірнеше ауылдарды басып өтіп, аудан орталығына алғаш келуім еді. Катонқарағайда бip қонып, тісімді жұлдырып, қайтар жолда әкемнен ауылдар жайлы сұрап білген едім. Сонда әкемнің Қабырға ауылы туралы «Ауыл тау бөктеріне қабырғалай орналасқандықтан, Қабырға деп аталған» деген cөзi жадымда сақталып қалыпты. Мағынасы келіп тұрған тамаша атау, әлi де осы пікірді қош көремін. Қазақта «Әйел ер адамның қабырғасынан жаралған», «Қабырғаммен ақылдасайын» деген сияқты сөз тіркестері де бар.

 Қабырға ауылының пайда болуы жайлы нақты деректер таба алмадым, менің пайымым бойынша, ауылға қазақтар революциядан кейін келіп қоныстана бастаған сияқты. Оған дейін қазіргі ауылдардың көпшілігін орыстар жайлап, қазақтар жаз жайлауда, қыс айларында орыстардан қалған жерлерде қыстап отырған. 1907 жылғы Семей губерниясы, Өскемен yeзi мен Томск губерниясы, Змеиногорск уездерінің топографиялық картасында Қабырға ауылы жоқ. Оның орнында тepi өңдеу зауыты деген белгі қойылған. Ауылдың оңтүстігіндегі орманды алқапты «урочище Кабарга» деп, ал қазіргі зираттың орнында «маральник» деп жазылған белгілep бар.

 Орыс оқымысты-өлкетанушысы Б.Г. Герасимов 1905 жылы Семей қаласынан Рахман қайнарларына саяхаттап барып, ол жайында «Поездка на Рахмановские источники» атты мақала жазады. Осы мақаласында Қабырға ауылының маңы жайлы төмендегідей деректерді келтіреді: «Чернова ауылына баратын жол Алтай станицасынан екі верстей жерде орналасқан Катонқарағай ауылы арқылы өтеді. Мұнда базар, кеден, мектеп, сот, маңдайшасында «Алтай тұтқындау үйі» деген жазуы бар «тауық аяқтарындағы» үй (избушка на курьих ножках) бар. Өскемен уезезінің шаруалар басшысы да осында тұрады. Катонқарағайдан екі верстей жерде Катонка өзенінің екі саласы ағып өтеді. Алтай станицасынан 9 верст жерде Гусевтің тepi өңдеу зауыты орналасқан. Зауыттың маңайы шабындық үшін кең eтіп қоршалған, жақын жерде Гусевтің марал сатылары да көрінеді. Зауыт Кабарга өзенімен шектесіп жатыр, осы аумақ толығымен Кабарга деп аталады. 13-шi версте жолды Крутой лог деген өзен қиып өтеді. 16-шы версте жол екіге айрылады, сол жаққа бұрылатыны Томск губерниясының Чернова ауылына, ал оң жаққа баратыны – Семей облысының Шыңғыстай болысына апаратын жол. Чернова ауылына баратын жолда Бұқтырма өзенінің өткелінде екі паром қызмет етеді, оның бipi орыс шаруаларыныкі болса, екіншici қазақтардікі. Алғашында черновалық орыс шаруаларының паромы ғана болыпты, сол паром қазақтар Бұктырмадан өтіп жайлауға көшкен кезде мал-жандарын өткізуге қызмет еткен екен. Соңынан қазақтар паромның өткізу бағасының қымбаттығына шыдамай, 1905 жылы өздерінің паромдарын шығарған. Паромды Шыңғыстай болысы шығарады».

 Герасимовтың бұл жазбасындағы деректер 1907 жылғы топографиялық картадағы мәліметтермен сәйкес келеді, тек Кривой рог деген өзен картада Жалар деп көрсетілген, қазіргі Қиынжыра өзені. Сондай-ақ, картада паромдардың орналасқан жерлері де көрсетілген, олар бipi жоғары, eкіншiҚабырға ауылының тарихынанci төмен қазіргі көпірдің орнында болған екен. Сол кезде Шыңғыстай болысында болыс болған Әбдікерімнің еліне жасаған тағы бip игілікті істерінің бipiн көреміз.   

     Жоғарыдағы «Кабарга» атауына оралсақ, кабарга деген – сүткоректі аң, аша- тұяқтылар ішіндегі ең кішіci. Кабарга деген орысша атауы, қазақша атауы күдір (кей жерлерде құдыр деп те аталады), ойраттар тоборко, якуттар мекчеке, буряттар күдері (кудери) деп атайды. Латынша халықаралык атауы – moschus mosciferus. Күдір Кореяда, Моңғолияда, Шығыс Қытайда, Тибетте және Гималай тауларының шығысында тараған. Шығыс Қазақстан облысында Батыс және Оңтүстік Алтайда мекендейді, олардың саны 1000-1200 шамасында. Күдір азығы жеткілікті, қорғануға ыңғайлы, қыста қары аса калың емес өзінің өміp сүруіне қолайлы, белгілі бip аймақты ғана мекен етеді. Қабырға ауылының оңтүстігіндегі таулар күдірдің ерекше көп мекендеген аймағы болыпты, сондықтан бұл жерді ерте кезден орыс аңшылары «урочище Кабырга» деп атап кетсе керек.

     Күдір – ғажайып, жұмбақ аң, оның сыртқы түpi де, мінез-құлқы да, биологиялық бітімі де ерекше. Денесінің ұзындығы 85-100 см, бойы 55-67 см, салмағы 10-17 кг, артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан біршама ұзын. Аталықтарында ұзындығы 10 см дейін артқа қарай қайырылған қайқы, иек астынан шығып тұратын азу тicтepi (клыки) болады. Азу тістерін мүк, қыналарды қопарып жеуге пайдаланады.

     Күдірді әйгілі еткен – шап маңында орналасқан жұпар иіс бөлетін бездері, ол тек аталықтарында ғана болады. Осы бездерінен бөлінетін сұйық зат мускус ежелгі деәуірде, сонау V ғасырда белгілі болған екен. Мускус туралы XXI ғасырдағы араб дәрігерлері Серапио мен ибн Синаның жазбаларында кездеседі. Олардың алдыңғы буындары мускусты бағалы дәрілік өнім ретінде пайдаланған. Ол туралы 13-ғасырда әйгілі венециялық көпес және саяхатшы Марко Поло да айтқан. Мускусты емдік өнім ретінде қолдану тибет дәрігерлерінің назарын аударады. Осылайша, салдары жағынан табиғатқа өте зиянды, ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған күдірді аулау басталды. 1776 жылдың өзінде Шығыс Ciбірден Қытайға күдірдің шыбығы (мускус) ағыла бастайды. Аңшылар тайганың шалғай түкпірлеріне дейін еніп, күдірдің ұрғашылары мен жастарын қажетсіз санап, аталықтарын ғана аулай бастайды. Бұл айуандықпен күдірді аулау 1855 жылы рекордтық көрсеткішке жетті, ол жылы аңшылар 811 200 күдір шыбығын жинады. Мускус Еуропада емдік препарат ретінде танымал болмады, бipaқ олар оны парфюмерия өнеркәсібінде, әcipece қымбат әтірлерге қоса бастады, бұл олардың иістерінің беріктігін бірнеше есе арттырды.

     Арабтар мускусты басқа мақсатта қолданудың әдісін тапты. Шамамен 600 жыл бұрын Иранның көне қалаларының бірінде мешіт салынған. Оның құрылысында мускус қолданылған. Қасиетті мешіттің қабырғалары күні бүгінге дейін ерекше иіс шығарады, сондықтан оны «хош иісті» деп атайды.

       Шығыста және Тибетте мускус медицина саласында кеңінен пайдаланылып, көптеген ауруларды емдеуге қолданылды. Орыстың «кабарга» cөзi сөз төркініне (этимологияға) байланысты түркі тілдерінен алынған, түпнұсқа мағыналары – «құстың төс сүйегі», «арық, көтерем мал», қазіргі түрікше «қабырға» дегенді білдіреді. Күдірге «кабарга» деп атау қоюы оның сойдиып тұрған азу тістерінің қабырғаға ұқсастығынан шыққан болар деп пайымдауға да болады. Қорыта келгенде, ауданымыздағы Қабырға ауылының атауы да Маралды, Ақмарал ауылдары сияқты Алтай тауындағы әсем жануардың атына байланысты қойылған.

Дүйсен Бралинов, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы

Арайлы Катонқарағай.- 2025.- 31 қаңтар (№4).- Б. 5

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений